
Түркияның Ыстанбұл қаласында полиция қоқыс жәшігінен Өзбекстан азаматшасының мәйітін тапты. Бұл туралы Sabah басылымы хабарлады.
Мәліметке сәйкес, оқиға Шишли ауданында болған. Қағаз жинаумен айналысатын адам қоқыс жәшігінің ішінен ақ жаймаға оралған, басы жоқ әйелдің денесін байқап, дереу құқық қорғау органдарына хабар берген.
Саусақ іздері арқылы жүргізілген тексеру нәтижесінде қаза тапқан адамның 37 жастағы Өзбекстан азаматы Дурдона Хакимова екені анықталды.
Оқиға орны қоршауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейдегі зауыттан екі қазақстандықтың мәйіті табылған еді.