Жаңалықтар

Юлия Путинцева Australian Open-2026 турнирінің 1/8 финалында жеңіліп қалды

Юлия Путинцева, пошумевшая на АО-2026, проиграла матч за выход в четвертьфинал
фото: ausopen.com

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA №97) Australian Open-2026 турниріндегі жорығын 1/8 финалда аяқтады. Мельбурндағы матчта америкалық Ива Йовичке (№27) айқын басымдықпен ұтылды. Есеп- 0:6, 1:6. Кездесу бір сағатқа жетпей, небәрі 53 минутқа созылды.

Осыған дейін Путинцева турнир барысында сенімді ойын өрнегін көрсетіп, бірқатар мықты қарсыластарын жарыстан шығарған еді. Атап айтқанда, бразилиялық Беатрис Хаддад Майяны (№59), франциялық Эльза Жакмоны (№60) және түркиялық Зейнеп Сенмезді (№112) жеңіп, алғаш рет Мельбурндағы «Үлкен дулыға» турнирінің төртінші айналымына шықты. Алайда ширек финалға шыға алмады.

Осылайша, Юлия Путинцева Australian Open-2026 турнирін 1/8 финалда аяқтады. Ал Мельбурндағы жарысты қазақстандықтар арасынан Елена Рыбакина, Александр Бублик және Анна Данилина (жұптық және микст сайыстарда) жалғастырып жатыр.