Жаңалықтар

Жетісу облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

фото: shutterstock

Қайғылы жол-көлік оқиғасы 24 қаңтар күні шамамен сағат 15:30-да Жетісу облысы, Ақсу ауданындағы «Көшкентал – Қапал» автожолында болды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы екі автокөлік соқтығысқан. Апат салдарынан 5 адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы 2 жолаушы әртүрлі дәрежедегі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.