Жаңалықтар

Бас мүфти АҚШ-тағы қазақтармен кездесу өткізеді

фото: ҚМДБ

Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің ұйымдастыруымен ҚМДБ делегациясы рухани кездесулер өткізеді. Кездесуге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ұстаз Арман Қуанышбаев пен Батыржан Мансұров қатысады.

Жиынның басты мақсаты – АҚШ-тағы қазақ диаспорасының өкілдері мен студенттеріне рухани және мәдени қолдау көрсету.

Кездесулер өтетін қалалар мен күндері:

  • 27 қаңтар – Вашингтон
  • 29 қаңтар – Нью-Йорк
  • 30 қаңтар – Чикаго
  • 31 қаңтар – Хьюстон
  • 1 ақпан – Сан-Франциско

ҚМДБ өтетін орны мен уақытын қосымша хабарлайтынын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін 2026 жылы Ораза айы қашан басталатынын жазған едік.