Lifestyle

Дәурен Айдарқұловтың Тұрсынбекпен жариялаған суреті көпшіліктің ашуын туғызды

фото: threads

Актер Дәурен Айдарқұлов әлеуметтік желіде әріптесі Тұрсынбек Қабатовпен бірге түскен суретін жариялап, көпшіліктің қызу талқысына қалды.

Жазбасына «Ақыл ағадан, ілтипат ініден» деп жазып қойды.

Алайда бұл жазба желі қолданушыларының көңілінен шықпай, пікірлер бөлімінде сын мен наразылыққа толы пікірлер көбейді. Кейбір қолданушылар актерге жазбаны өшіруді сұрап, тіпті ашық түрде наразылық білдірді.

«Жазбаны өшірші», «Әдейі істейді-ау осы», «Жақсыген мен Еркеш Хасен жетпей тұр», деп жазды желі қолданушылары.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дәурен Айдарқұлов журналист Аман Тасығанға сұхбат беріп, үшінші әйелін алғаш рет некелесу сәтінде көргенін айтқан еді.