Жаңалықтар

Елена Рыбакина Australian Open турнирінің ширек финалына шықты

Елена Рыбакина вышла в четвертьфинал Australian Open
Елена Рыбакина / фото: auopen.com

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open-2026 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Турнирдің төртінші айналымында қазақстандық теннисші Бельгия өкілі Элиза Мертенсті (WTA рейтингінде 21-орын) екі сетте айқын басымдықпен жеңді. Кездесу 6:1, 6:3 есебімен аяқталды.

Ширек финалда Елена Рыбакина Ига Швёнтек – Мэддисон Инглис жұбының жеңімпазымен кездеседі. Айта кетейік, польшалық Ига Швёнтек әлемдік рейтингте екінші орында, ал аустралиялық Мэддисон Инглис WTA рейтингінің 168-сатысында тұр.

Сонымен қатар Australian Open-2026 турнирінің ширек финал кезеңінде Қазақстан бірнеше разрядта өнер көрсетіп жатыр. Анна Данилина жұптық және аралас жұптық сында жарысты жалғастырып жатыр.

Ал Александр Бублик пен Юлия Путинцева кеше ширек финалға шыға алмай, жарыс жолын аяқтады.