Ұзақ уақыт төсекке таңылған Михаэль Шумахер оңалып келеді

«Формула-1» жарыстарының жеті дүркін әлем чемпионы, неміс шабандозы Михаэль Шумахер енді төсекке таңылмайтын болды.
Daily Mail дереккөздерінің мәліметінше, қазіргі таңда Шумахер медбике мен терапевтің көмегімен мүгедектер арбасында қозғала алады. Ол Майоркадағы тау жотасында орналасқан жеке резиденциясында тұрып жатыр.
Қазір Михаэль Шумахер 57 жаста. Ол – «Формула-1» тарихындағы ең үздік шабандоздардың бірі, жеті дүркін әлем чемпионы. Неміс спортшысы жеңістер саны (91), подиумдар (155) және поул-позициялар (68) бойынша екінші орында тұр.
Бұл көрсеткіштерде ол тек британдық Льюис Хэмилтонға ғана жол берген.
Шумахер 2013 жылы кәсіби мансабын аяқтағаннан кейін Франция Альпілерінде шаңғы теуіп жүріп, ауыр бас-ми жарақатын алған. Ұзақ уақыт бойы ол төсекке таңылып, өкпесі жасанды желдету аппаратына қосылған.
Айта кететін жайт, Михаэль Шумахер мінген Ferrari қымбат бағаға сатылған болатын.