
Қазақстанның ең бай бизнесмені Вячеслав Кимге тиесілі Alatau City Bank иелігінен қос компанияны шығарды. Бұл туралы қаржы есебі депозитарийіндегі ақпаратта жазылған.
Акционерлік қоғам құрамынан Jusan Property компаниясы мен «ОУСА Юг» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi шығарылған. Нәтижесінде қаржы ұйымында 6 еншілес компанияның үлесі қалды.
Олар: Alatau City Garant» сақтандыру компаниясы, «First Heartland Capital» акционерлік қоғамы, ACB DEVELOPMENT, «Оптима Банк» ашық акционерлік қоғамы, «Jusan Инкассация» ЖШС және Alatau City Invest.
2025 жылдың жазында Alatau City Bank (бұрынғы Jusan Bank) толықтай Вячеслав Кимнің меншігіне өткен. Оған дейін кәсіпкер Ғалымжан Есеновке First Heartland Securities компаниясы арқылы банктің 79,89% акциясы, ал 20%-ы- тікелей өзіне тиесілі болған.
Forbes бағалауынша, Вячеслав Кимнің жеке байлығы 7,1 млрд долларды құрайды.