
Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутатының бұрынғы жұбайы зорлық-зомбылық көріп жүргенін мәлімдеді.
24.kg ақпаратына қарағанда, құқық қорғау органдары араша түсіп, әйелді қорғауға алған.
Бішкекте 26 қаңтарда азаматша А.А.-ның арызы негізінде тергеуге дейінгі тексеру басталды. Бұл туралы қала ІІББ хабарлаған.
Әйелдің айтуынша, бұрынғы жұбайы, Жогорку Кенештің қазіргі депутаты Эльдар Сулайманов ұзақ уақыт бойы психологиялық қысым көрсеткен. Сондай-ақ бұрын физикалық зорлық-зомбылық фактілері де болған.
ІІББ мәліметінше, арыз тіркеліп, шара қабылдаған. Соның аясында арыз иесіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған.
Қазіргі уақытта милиция қызметкерлері қажетті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Айта кететін жайт, Жаркентте кішкентай баласын аяусыз ұрған ана абақтыға қамалған еді.