Қытай кемесі Арктика арқылы Ұлыбританияға жетті – Бессент

Қытай кемесі Арктика арқылы Ұлыбританияға жеткен. Бұл – жаңа теңіз жолы. Бұл туралы АҚШ-тың қаржы министрі Скотт Бессент айтты.
Оның пікірінше, бұл үдерістерді стратегиялық тұрғыдан бақылау АҚШ үшін маңызды. Сондықтан Гренландияға иелік етпек. Бұл туралы NG хабарлады.
«Қытайдың сауда кемесі алғаш рет қазан айында Арктика арқылы өтіп, Ұлыбританияға жетті. Осылайша олар жол жүру уақытын қысқартуда. Арктика өзгеріп жатыр. Ал АҚШ үшін стратегиялық тұрғыдан мұны бақылау аса маңызды», — деді ол ABC News телеарнасына берген сұхбатында.
Сондай-ақ Бессент «АҚШ президенттері Гренландияға соңғы 150 жыл бойы назар аударып келеді» деп қосты.
Қазақстандық сарапшы Қазбек Бейсебаевтың айтуынша, Гренландияны иемденуге деген ұмтылыс Трамптың жеке бастамасы емес. Ол АҚШ-тың бұрыннан келе жатқан стратегиялық жоспары. Өйткені, Гренландияның табиғи ресурстарын айтпағанда, Солтүстік теңіз жолын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл теңіз жолы арқылы кешекте әлемдік сауданың көркі қыза түспек.