Жаңалықтар

Рыбакина мен Швентек Australian Open ширек финалында кездеседі

Рыбакина мен Швентек ширек финалда кездеседі / фото: auopen.com

Әлемнің екінші ракеткасы Ига Швёнтек пен әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған қазақстандық Елена Рыбакина Australian Open турнирінің жартылай финалына жолдама үшін таласады. Бұл қос теннисшінің 12-ші жеке кездесуі болмақ.

Қазіргі таңда жеке кездесулердегі есеп бойынша Швёнтек 6:5 есебімен алда. Польша теннисшісі соңғы бес матчтың төртеуінде жеңіске жеткен. Атап айтқанда, Рыбакинаны:

  • United Cup турнирінде – 7:6(5), 6:4;
  • Дохадағы WTA 1000 турнирінің ширек финалында – 6:2, 7:5;
  • «Ролан Гаррос» турнирінің төртінші айналымында – 1:6, 6:3, 7:5;
  • Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалында – 7:5, 6:3
    есебімен жеңген.

Алайда олардың соңғы кездесуі 2025 жылғы қорытынды турнирдің топтық кезеңінде өтті. Соңғы ойында Елена Рыбакина айқын басымдықпен жеңіске жетіп, есеп 6:3, 1:6, 0:6 болды.

Қатты жабында (hard) өткен кездесулерде де Швёнтек алда – 5:3, ал «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі есеп тең 1:1.

Айта кетейік, ширек финалдық матч ертең 27 қаңтар күні, таңғы 5:30-да басталады.
Ойынды келесі сілтеме арқылы тікелей эфирде көруге болады.

Бұған дейін, Рыбакина 1/8 финалында бельгиялық Мертенсті жеңген еді.