Жаңалықтар

Семейде ер адам полицейлердің автокөліктерін өртеп жіберді

Күдікті қазір тергеу изоляторына қамалды / фото: ашық дереккөзі
Күдікті қазір тергеу изоляторына қамалды / фото: ашық дереккөзі

Семейде ер адам полицейлердің автокөліктерін өртеп жіберді. Күдікті мас болған, бұрын сотталғаны анықталып отыр.   

Sputnik ақпаратына қарағанда, 66 жастағы Семей қаласының тұрғыны учаскелік полиция пунктінің маңында тұрған полиция қызметкерлеріне тиесілі Chevrolet Cobalt және Changan маркалы автокөліктеріне өрт қойған.

Күдікті қазір тергеу изоляторына қамалды. Полицияның мәліметінше, аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Мұның алдында, Маңғыстауда ер адам өзін-өзі өртеп жіберуге ұмтылған еді. Ол облыс әкімімен кездеспек болған. Бірақ оны Қарақиян ауданы әкімінің орынбасары қабылдаған. Бұған көнбей ер адам үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өзін-өзін өртеп жіберген. Полиция мен әкімдік қызметкерлері өртті сөндіріп, азаматты аман алып қалған болатын.