
Талдықорғандағы «Жетісу» орталық стадионының ғимараты мен оған тиесілі алаң сатылады. Тиісті лот Электронды сауда-саттық алаңына шықты. Лоттың бастапқы бағасы 5,9 млн теңгені құрайды.
Қазір нысан мемлекет меншігінде. Мүліктік жалдау мерзімі – 12 ай. Өтінімдер 10 ақпанға дейін қабылданады. Жалдау ақысын ай сайын төлеу керек.
«Спорт (футбол) саласында қызмет ұйымдастыруға арналған стадионның ғимараттары мен оған тиесілі құрылыс, құны: 22,4 млн теңге, ауданы: 10 185,10 м2» – делінген лотқа сипаттамада.
Алаңда 1989 жылы салынған 82 пәтер бар екі қабатты қонақ үй бар. 2015 жылы салынған футбол орталығы да бар.
Бұған дейін «ҚазАқпарат» «Жетісу» ФК мемлекеттік бюджеттен шығарылып, қоғамдық қор көмегімен жұмысын жалғастыратынын хабарлаған. Яғни клуб бұдан былай бюджеттен тікелей қаржы ала алмайды.
Бұл ретте 2025 жылы 1,7 млрд теңге сомасына «облыстың кәсіби футбол командасын ұстау және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету» қызметін көрсетуге конкурс жарияланды. Байқаудың жеңімпазы «Жетісу» футбол клубы» қоғамдық қоры болды.