Тредстегі танысу жазбаларының артында алаяқтар тұруы мүмкін

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
тредстегі жазбалар
фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілерде, әсіресе, Threads-те «жар іздеймін», «танысқым келеді» деген жазбалардың артында алаяқтар тұруы мүмкін деп ескертеді Ішкі істер министрлігі.

Олар өздерін қыз не жігіт ретінде таныстырып, адамға ерекше көңіл бөліп, сеніміне кіреді. Одан әрі эмоциялық тәуелдік қалыптастырып, өміріндегі қиын, шұғыл жағдайға деп ақша сұрайды. Қаражатты шетелдік криптоәмиянға аударуды не үшінші тұлғаға жіберуді өтінуі мүмкін. Ал ақшаны алғаннан кейін, байланысты үзе салады.

«Егер экранның арғы жағындағы адам сізден ақша аударуды сұраса, бейнебайланыстан және жеке кездесуден қашса, интернеттегі фотосуреттерді пайдаланса, сақ болған жөн. Алаяқтардың арбауына түсіп қалмас үшін интернет арқылы танысқан адамдарға ақша және жеке деректерді бермеу керек, күмәнді сілтемеге өтуден аулақ болыңыз», – деп ескертеді ІІМ-нен.

Сұхбаттасушының сөзіне күмән туындаған жағдайда бірден сөйлесуді доғару керек.

Kursiv.Media интернетте жеке деректерді қорғауға көмектесетін арнайы нұсқаулық дайындаған еді. Толығырақ мына жерден оқи аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз