Жаңалықтар

Жаңа Конституцияға дінге қатысты жаңа бап енгізу ұсынылды

Заңға жаңа бап енгізу ұсынылып отыр/фото: ortcom

Жаңа Конституцияға дінге қатысты жаңа бап енгізу ұсынылып отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия отырысында айтты.

Бұған дейінгі отырыста заңгер Серік Ақылбай «Ата заң мәтінінде діннің мемлекеттен бөліну қағидаты орнықпаған» деді.

«Осыған байланысты мемлекеттің зайырлы сипатын нығайтатын базалық норманы Конституцияда бекіту және діннің мемлекеттен бөлінгенін көрсетіп, Конституциямызды жаңа баппен толықтыру ұсынылады», – деді Имашева.

Бұған дейін президенттің Құрылтайды қандай жағдайда тарата алатыны айтылды.

Ал вице-президент лауазымына қойылатын талаптарды мына жерден оқи аласыздар.