Шағым аз айтылатын қытайлық кроссоверлер анықталды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Қытайлық CheZhi платформасы 2025 жылдың IV тоқсанының қорытындысы бойынша кроссоверлердің сенімділік рейтингін жариялады. Сарапшылар мыңдаған көлік иелерінің шағымдарын талдап, сапа индексін қалыптастырған.

Нәтижесінде SUV сегментіндегі орташа сенімділік деңгейі (24,8 балл) седандар мен минивэндерге қарағанда жоғары болғаны анықталды. Сонымен қатар ең үздік көрсеткіштер жаңа платформаларда жасалған әрі электроникамен кеңінен жабдықталған модельдерге тиесілі болды.

Рейтинг көшбасшылары

Рейтингтің басты сенсациясы –  Xiaomi YU7. Ол небәрі 0,9 балл көрсеткішімен көштің басында тұр. 106,5 мың дана көлемінде шығарылғанына қарамастан, бұл кроссовер иелеріне ешқандай шағым тудырмаған.

Екінші орынға гибридті Zeekr 9X (1,4 балл) жайғасты. Сондай-ақ үздік бестікке технологиялық Toyota bZ3X (2,2 балл) және бензинді Changan X5 Plus (2,3 балл) кірді.

Қазақстанда қандай модельдер сенімді

Сарапшылар 300-ден астам модель бойынша сапаға қатысты пікірлерді зерттегенімен, ашық рейтингке тек 70 модель ғана енгізілген. Курсив Авто олардың арасынан таныс үлгілерді бөліп көрсетті:

  • Jetour X70 – 4,4 балл, 11-орын, сенімділік көрсеткіштері тұрақты
  • Haval Dargo – 4,5 балл, 12-орын
  • BYD Yuan Up – электр кроссовері, 5,7 балл, 19-орын
  • GAC GS3 – 5,8 балл, 20-орын
  • Geely Coolray – 7,2 балл, 25-орын
  • Geely Atlas – 12,2 балл, 37-орын
  • Jetour T2 – 14,8 балл, 41-орын
  • Zeekr 7X – 14,9 балл, 42-орын
  • Hongqi HS5 – 16,5 балл, 45-орын
  • Changan CS75 Plus – 18,6 балл, 48-орын
  • Li Auto L6 – 18,9 балл, 50-орын
  • Chery Tiggo 8 – 20,6 балл, 51-орын
  • Geely Galaxy EX5 EV / EM-i – сәйкесінше 35 және 57-орын

Осы модельдердің нәтижелері әсіресе Қазақстан нарығы үшін маңызды, себебі қытайлық кроссоверлер жыл өткен елде сайын танымал болуда.

Ал америкалық GOBankingRates сарапшылары 2026 жылдың басындағы ең сенімді автомобильдер тізімін жасаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз