Алтынның 1 грамы бір айда 11 мың теңгеге қымбаттады

Жарияланды 27 Қаңтар 2026 16:12

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
алтын бағасы Ұлттық банк Қазақстан туы
ҰБ алтын бағасын көтерді / фото: shutterstock

27 қаңтарда Ұлттық банк (ҰБ) 1 грамм алтын бағасын бірден шамамен 2,5 мыңға көтерді. Енді бағалы металдың бір грамы 82 173 теңге тұрады.

2025 жылдың аяғында ҰБ алтынды шамамен 71 мың теңгемен саудалаған. Содан бері түсті металл шамамен 11 мың теңгеге қымбаттағанын көріп отырмыз. Қазақстанда алтын бағасы бір айға жетпейтін уақытта шамамен 16%-ға қымбаттаған.

графика алтын бағасының көтерілуі
Алтын бағасы жыл басынан бері шамамен 15%-ға қымбаттады / графика: Kusiv.Media

Алтын бағасы әсіресе осы аптада қатты көтерілді. Өйткені әлем нарығында оның бір унциясының құны 5 мың доллардан асып жығылды.

Түрлі-түсті металл құнының көтеруіне бірнеше жайт түрткі болды. Таяу Шығыс пен Украинадағы жанжал, сонымен бірге Дональд Трамп әкімшілігінің әрекеттері инвесторларға алтынды көптеп сатып алуға мәжбүрлеп отыр. Сонымен бірге, олар доллар мен құнды қағаздар активтерін азайтып, алтынға иек артады.

Сондай-ақ оқыңыз