Астанада 0-6 сынып оқушылары онлайн оқитын болды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
дистанционка для школьников
Астанада 0-6 сынып оқушылары онлайн оқитын болды / Фото: shutterstock

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 28 қаңтарда Астанадағы төменгі сынып оқушылары бірінші ауысымнан бастап онлайн сабаққа көшеді.

«2026 жылдың 28 қаңтарында бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшеді», — делінген елордалық білім басқармасының хабарламасында.

Мұғалімдерге бекітілген кесте бойынша онлайн сабақтар ұйымдастыруға, ал ата-аналарға балаларға үйден оқуға қажетті жағдай жасауға кеңес беріледі.

Сонымен қатар, «Қазгидромет» 28 қаңтарда желдің күшейіп, тұман мен көктайғақ болатынын болжады. Көптеген аймақтарда дауылды алдын ала ескерту жарияланды.

Сондай-ақ оқыңыз