Қазақстандықтар Байқоңырға турист ретінде кіре алады

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
baikonur
Қазақстандықтар Байқоңырға турист ретінде кіре алады / Фото: Shutterstock

Жасанды интеллект министрлігінің Аэроғарыш комитеті Байқоңырдың туристік бағдарламасын таныстырды. Ол қалада рұқсаттама алу үшін Визит-орталық, балаларға арналған Ғарыш лагері мен демалыс күндері турлар құруды көздейді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат«.

Байқоңырда алғаш рет ресми сапар орталығы пайда болады. Ол Төретам ауылында – қалаға кіре берісте орналастырылады. Онда туристер, оқушылар және шетелдік делегациялар ғарыш объектісіне рұқсаттама рәсімдеп, маршруттар мен экскурсиялар бойынша ақпарат ала алады.

Сондай-ақ, Байқоңырда «Балалар ғарыш лагерін» ашу жоспарлануда. Оқушылар ғарыш объектілерінде зымыран модельдеуді, ғарыш тарихы мен инженерлік технологияларды зерттей алады.

Сонымен қатар, демалыс күндері тур ұсынылып, онда ғарыш айлағына бару оңайырақ болады. ҚазҒарыш бағдарламасы Байқоңыр ғарыш айлағына өту жүйесін жеңілдетуі тиіс, нәтижесінде ғарыш кешеніне бару құны төмендейді.

«Байқоңыр ғылымның, тарихтың және болашақтың аумағы ретінде көпшілікке ашылады. Байқоңыр – Қазақстанға қалған мұра. Біздің міндетіміз – оны кейінгі ұрпақ үшін сақтау және дамыту», – делінген ҚазҒарыш баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ғарышқа алған адам ұшуына 65 жыл толуына орай Байқоңырдың Гагарин стартында мұражай құру жоспарлануда.

Бұған дейін Қазақстан Ресейдің кепілдік берсе, Байқоңырдан улы зымырандарды ұшыруды ұзартатыны хабарланған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз