Светлана Жақыпованың орнына Асқарбек Ертаев жаңа еңбек министрі болды
Жарияланды

Асқарбек Ертаев жаңа еңбек министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақордадан хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды», – деп жазылған хабарламада.
Осыған дейін бұл лауазымда Светлана Жақыпова отырған еді, оны Тоқаев бүгін қызметінен босатты.
Асқарбек Ертаев бұған дейін Жақыпованың орынбасары яғни вице-министр еді. Оның алдында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы қызметінде болды. Әр жылдары Ұлттық экономика министрлігінде, Президент Әкімшілігінде, Премьер-Министрі Кеңсесінде жұмыс істеген.