
АҚШ-та режиссер Тимур Бекмамбетовтың «Мейірім» (Mercy) атты жаңа фильмі прокатқа шықты. Алғашқы аптада картина 11,2 млн доллар жинады. Осылайша бес апта бойы көш басында тұрған «Аватар: От пен күл» (Avatar: Fire and Ash) фильмін екінші орынға ысырды деп жазады Variety
Жаңа картинаның оқиғасы болашақта өрбиді. Басты рөлді актер Крис Пратт сомдайды. Ол өз әйелін өлтірді деген күдік бар. Енді ЖИ-сот оның тағдырын шешуі керек. Картина ғылыми-фантастикалық жанрда түсірілген.
Негізі болжам бойынша, картина 12 млн доллар жинау керек еді. Бірақ ауа-райы нашарлап, боранның әсерінен кинотеатрға келушілер аз болған деп жазады сыншылар. Халықаралық прокатта фильм 80 елге шығып, 11,6 млн доллар жинады. Ескере кету керек, фильмнің жалпы бюджеті – 60 млн доллар.
Өкінішке қарай, «Мейірімнің» рейтингі де әзір жақсы емес. inemaScore сауалнамалары бойынша фильм «B-» бағасын алды. Сыншылардың да пікірі көңіл көншітпейді, Rotten Tomatoes сайтындағы рейтингі небары 20% ғана.
Ал екінші орынға қалды деген әйгілі «Аватар: От пен күл» фильмі былтыр жаңа жыл қарсаңында шықты. Алғашқы аптасында-ақ 962 млн доллар жинап, рекорд орнатқан.