Жаңалықтар

4 млрд доллардың дауы: Қарашығанақ акционерлері қазақ үкіметінен жеңілді

Қарашығанақ Карачыганак мұнай газ кен орны
Қарашығанақ кен орны / фото: REUTERS

Лондондағы халықаралық төрелік соты Қарашығанақ кен орнын иегеретін акционерлер мен Қазақстан үкіметі арасындағы дауға қатысты шешім шығарды. Енді акционерлер қазақ үкіметіне 2-4 млрд доллар көлемінде өтемақы төлеуі мүмкін. Бұл туралы Bloomberg жазды.

Дауға төрелік еткен сот Қазақстан үкіметінің ұстанымын қолдап шықты. Астана Қарашығанақ жобасындағы серіктестерін өнімді бөлу туралы келісім бойынша өтемақы төленбейтін шығындардың бір бөлігін негізсіз өтеді деп айыптап отыр.

Агенттік дереккөздерінің айтуынша, өтемақының нақты көлемі әзірге анықталған жоқ. Дегенмен тәуелсіз заңгерлер оның көлемі 4 млрд долларға дейін жетуі мүмкін екенін айтып отыр. Алайда акционерлер төрелік сот шешіміне шағымдана алады.

Мұны Қазақстанның ішінара жеңісі деп атауға болады. Өйткені үкімет акционерлерден 6 млрд доллар өтемақы талап етіп отыр. Сотқа шағым 2023 жылы түскен.

Қазір Қашаған акционерлеріне қатысты дәл осыған ұқсас шағым қаралып жатыр. Бұл жолы үкімет 160 млрд доллар талап етіп отыр.

Осының алдында энергетика министрі Ерлан Аққенженов Қарашығанақ бойынша сот шешімі үкімет пен акционерлер арасындағы келіссөздердің «тұздығы» болатынын мәлімдеген.

«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» консорциумы акционерлерінің құрамында Eni (29,25%), Shell (29,25%), Chevron (18%), «Лукойл» (13,5%) және «ҚазМұнайГаз» (10%) бар.