Қытайлар Түркістанда капсулалы үйлер шығарып жатыр

Shanding Camova қытай компаниясы Түркістан облысында «Хан Тау» брендімен капсулалы үйлер шығара бастады. Бұл туралы Kursiv.Media өңір әкімдігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, Түркістандағы өндіріс паркінде кәсіпкер Ниязәлі Бейсенбаевқа тиесілі «BNK Group» пен Shanding Camova қытай компаниясы капсулалы экоқонақүйлер шығарып жатыр. Бұған қоса, олар өзге де инновациялық модульдік нысандарды қамтитын заманауи смарт-құрылыстар өндірісін іске қосқан.
«Мұндай ғимараттарды туристік кешендер мен глэмпингтер, модульдік кеңселер мен мобильді үйлер, көрме павильондары, дала зертханалары, қонақүйлерге пайдалануға болады», – деп сипаттады әкімдік.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 200 данаға дейін дайын өнім шығаруға жетеді.

Бұған дейін Kursiv.Media Қытайдың тағы бірнеше компаниясы Түркістан облысына инвестиция құйғысы келетінін жазған. Олар өңірге капсулалы, яғни дайын үйлер құрастыру жобасын таныстырған.