
27 қаңтарда Жамбыл облысында қару ұстау кезінде жарақат алған сарбаздың қайтыс болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу істері басталды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
«27 қаңтарда Жамбыл облысында қаруды ұстау кезінде жарақат алған мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің қайтыс болу фактісі бойынша ІІМ-нің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», – делінген хабарламада.
Істі Бас прокуратура жеке бақылауға алған.
Оқиғаның мән-жайын анықтауға үшін Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ Әскери-тергеу департаментінің бастығы оқиға орнына жолға шыққан.
Сонымен қатар бұл топқа алдына әскери бөлімдермен әскери тәртіптің сақталуы мен жеке құрамның қауіпсіздік талаптарының сақталуына жан-жақты тексеруді ұйымдастыру тапсырылды.
Бұдан бөлек, әскери қызметшінің өмірі мен денсаулығын сақтау, мерзімді қызметті өткеру қауіпсіздігі мәселелері Бас прокуратураның арнайы Алқа мәжілісінде қаралуы тиіс.