Алматыда 16 жастағы жасөспірім өзіне қол жұмсады
Жарияланды

Алматыда 16 жастағы жасөспірім шатырдан құлап, қайтыс болды. Бұл ақпаратты Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады.
«Аталған іс бойынша Бостандық ауданы полиция бөлімшесі іс қозғалды. Жағдай себебі анықталып жатыр», – деді полиция департаментінен.
Қайғылы жағдай Розыбакиев-Сәтпаев көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің сөзінше, бозбала артынан хат жазып қалдырған.
Осыған дейін Шымкентте ер адам 16-қабаттан құлап қайтыс болған еді. Полиция суицид фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.