АҚШ кемелерінің армадасы Иран жағалауларына жүзіп келеді

АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық кемелер армадасының Иранға қарай жүзіп келе жатқанын мәлімдеді.
Interfax ақпаратына қарағанда, ол Вашингтонның Тегеранмен ақыр соңында келісімге келуге үмітті екенін атап өтті.
«Қазір Иранға қарай әдемі бір армада еш кедергісіз бет алып бара жатыр, көре жатармыз», — деді Трамп Айова штатында өткен іс-шарада.
АҚШ басшысы Тегеранның Вашингтонмен мәмілеге келуіне үміт артатынын тағы да қайталап айтты.
«Олар келісімге келеді деп үміттенемін», — деді ол.
Сейсенбіде Иран президенті Масуд Пезешкиан ел басшылығы соғыстың алдын алып, бейбітшілікке бастайтын кез келген процесті қолдайтынын мәлімдеді.
Сауд Арабиясы «Иран Ислам Республикасының егемендігін құрметтеу ұстанымын және Иранға қарсы қандай да бір әскери әрекеттер үшін Сауд Арабиясының әуе кеңістігі мен аумағын пайдалануға жол бермейтінін растады».
Президент Пезешкиан АҚШ пен Израильді Иранға экономикалық қысым көрсетіп, өткен жылдың маусымында соғысты қоздырды және жақында болған наразылықтарды қолдады деп айыптады.
Айта кететін жайт, Ирандағы көтерілісі кезінде 5 мыңнан астам адам қаза тапқаны белгілі болды.