
Ақтауда оқушылар сауда ойын-сауық орталығында төбелесті. Содан кейін олар ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді.
«Полиция кәмелетке толмағандармен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізді. Оқиғаның мән-жайы зерделеніп, қажетті материал жиналды.
Кәмелетке толмаған жасөспірімнің анасы балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады полиция.
Осы дерек бойынша материал кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданып, тиісті шешім қабылдау үшін қаралып жатыр.
Жасөспірім профилактикалық есепке алынды.
Бұған дейін Оралда оқушылардың видеосынан кейін қылмыстық іс қозғалды.