«Арсенал» – «Қайрат» ойнын қайдан көруге болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Арсенал Қайрат трансляция / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

28 қаңтардан 29 қаңтарға қараған түні Лондонның «Арсенал» клубы өз алаңында алматылық «Қайратты» қабылдайды. Кездесу Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі сегізінші тур аясында өтеді.

Тікелей трансляция

«Арсенал» – «Қайрат» ойынының тікелей трансляциясы 01:00-де (Астана уақытымен) басталады. Кездесуді Qazaqstan телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.

Турнирлік кестедегі жағдай

Жеті турдың қорытындысы бойынша «Арсенал» негізгі кезеңде көш бастап тұр. Ағылшын клубы жеті матчтың барлығында жеңіске жетіп, 21 ұпай жинаған. Ал «Қайрат» дәл осындай ойын санынан кейін небәрі 1 ұпай еншілеп, турнирлік кестеде 36-орында тұр.

Алдыңғы турда «Арсенал» қонақта италиялық «Интерді» 3:1 есебімен жеңсе, «Қайрат» өз алаңында бельгиялық «Брюггеден» 1:4 есебімен ірі есеппен жеңіліп қалды.

Сондай-ақ оқыңыз