
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне Талғат Байсуфиновтің тағайындалды.
Ол 2016-2017 және 2020-2022 жылдар аралығында ұлттық құраманың бас бапкері болған. 2025 жылдың қазанынан бастап бас бапкер міндетін атқарушы болды.
Байсуфиновтың жетекшілігімен команда 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бірқатар матч өткізді. Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңіп, Солтүстік Македония (1:1) және Бельгия (1:1) құрамаларымен тең түсті.
Әр жылдары «Есіл-Богатырь» (Петропавл), «Ақсу», «Ертіс» (Павлодар), «Ақжайық» (Орал) клубтарын басқарған.