Lifestyle

Динара Сәтжан күйеуін туған күнінде тортпен құттықтады

фото: Динара Сәтжанның инстаграм парақшасынан

Тележүргізуші Динара Сәтжан күйеуін туған күнімен құттықтады. Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкердің қатарында бар Жұмабек Жанықұлов ердің жасы елуге толды.  

Осындай ерекше себепке орай Динара Жанықұлова (Сәтжан) stories-ке шамшырағы көп торттың суретін салды. Ал парақшасының жазба бөліміне төрт сурет жариялап, «Жүрегім менің, туған күніңізбен» деп жазды. Оған қоса, екеуінің бақытты сәттеріне шолу жасалған осы жазбаны лентасында бірінші болып көрінсін деп бекітіп қойды.

Сондай-ақ Сәтжан stories-ке палау пісіргенін салып, қайынсіңлісінің келген құрметіне деп бөліскен еді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Динара Сәтжанның күйеуі – Жұмабек Жанықұловтың немен айналысатыны туралы жазған едік.