
Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов елде құрылатын «Халық кеңесі» жұмысына қатысты Ата заңға жеке бап енгізуді ұсынды.
Айтуынша, жоғары консультативті орган Қазақстан халқының мүддесін қорғайды.
«Халық кеңесіне» «Құрылтайға» заң жобаларын енгізу, республикалық референду тағайындау туралы ұсынысқа бастама жасау өкілеті беріледі», – деді Нұрмұханов.
Бұған дейін президент жаңа орган – Халық кеңесін құруды тапсырды. Жаңа құрылым Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың функцияларын біріктіреді.