Конституциялық реформа бойынша комиссияның жұмысы қашан аяқталады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
SMM бөлімінің редакторы
Айдос Сарым
Фото: Сұлтан Жексенбеков / Kazinform

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның негізгі жұмысы осы аптада аяқталу керек. Kursiv.Media тілшісінің сұрағына депутат Айдос Сарым осылай деп жауап берді.

Оның түсіндіруінше, комиссия мүшелер ұсынған нормалардың барлығын заңгерлер електен өткізіп жатыр.

«Әр отырыстан кейінгі мәселе жұмыстың бар-жоқтығына байланысты ғой. Кеше өткізген жоқпыз, себебі заңгерлер мұрша сұрады. Көп ұсыныс айтылды. Енді соның барлығын тиянақтап алайық, содан кейін дұрыс нұсқасын ұсынайық деп жатыр», – дейді депутат жұмыс барысы туралы.

Айдос Сарымның сөзінше, Ата Заңды түзетуге қатысты отырыстар жақын арада аяқталады.

«Осы аптада негізгі жұмысты аяқтап, оны президентке береміз. Президент оны халыққа таныстырар. Содан кейін барып референдум туралы шешім қабылданатын шығар», – дейді ол.

Осыған дейін комиссияның екі отырысы өтті. Комиссия мүшелері Үкіметтің кейбір құзыретін қысқартуды ұсынды. Депутат Снежана Имашева елде бейбіт жиындар өткізу құқығын қайта қарап, сөз бостандығына қатысты қосымша нормалар ұсыну керек дейді.

Ал Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров депутаттар министрді қызметінен босатуға әсер ете алуы керек деген ойын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз