
Теннис әлемінің жұлдызы Новак Джокович мансабында 65-рет «Үлкен дулыға» турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Джокович Australia Open турнирінің ширек финалында италиялық Лоренцо Музеттимен ойнады. Екі сет ұтылғаннан кейін, Новак 3-сетте 3:1 есебімен алға шыққан кезде Музетти жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты.
Осылайша, 38 жастағы Новак Джокович еш қиналмастан жартылай финалға шықты.
Ал 1/8 финалда Новак Чехиялық теннисші Якуб Меншикпен кездесуі тиіс еді. Алайда Меншик іш бұлшықеттеріне алған жарақатына байланысты турнирден шығып кетті.
Қалған матчтарда Джокович бір сет те ұтылған жоқ. Жартылай финалда Джоковичке қарсы енді Шелтон мен Синнер арасындағы жеңімпаз ойнайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина польшалық Ига Швентекті жеңіп, жартылай финалға шыққан еді.