Қайрат Сатыбалды мемлекетке қайтарған қонақүй қалалық сотқа беріледі

Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды – мемлекетке элиталық қонақүй ғимаратын қайтарды. Нысан 2023 жылы салынған. Алматыдағы Есентай өзенінің жағасындағы Қастеев мұражайының жанында орналасқан. Енді бұл ғимаратта қалалық сот болады, деп хабарлады «Власть«.
Ғимарат Алматы қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің иелігіне өткен. Әзірге ғимараттағы инженерлік желілердің техникалық жағдайын және алдағы жөндеу жұмыстарына арналған ғимараттың құрылымдық элементтерін тексереді.
Қонақүй 2017 жылы құрылысы бітіп тапсырылған. Бірақ әрлеу жұмыстары аяқсыз қалған. 2022 жылдың қыркүйегінде ғимарат «Крыша» сайтында 5,2 млрд теңгеге сатылымға шығарылып, кейіннен бағасы 4,74 млрд теңгеге дейін төмендеді.
Былтыр 20 наурызда қонақүй ғимаратында өрт болды. Нысанның төбесінен қара түтін көрінген. Алайда қалалық ТЖД тек екінші қабатта қоқыс өртенгенін хабарлады. Өрттің ауданы 10 шаршы метрді құраған.
2025 жылдың жазында нысан 100% аяқталып, бірақ пайдалануға берілмеді деп хабарланған еді.