
Instagram-да 2 миллионнан астам оқырманы бар Мадина Мамадалиева (Мадлен – авт.) дәл қазір Францияның Куршевелінде демалып жүр. Француз альпісінің тау-шаңғы курортында түскен суреттерін бөлісіп қана қоймай, Парижде жарнама баннерінде бейнесі жарқырап тұрғанын да салды.
Мадленнің Куршевелге барғанына бір аптадай уақыт болды. Stories-те күн сайын курорттан сурет-видеолар салып жүр. Әсіресе, шаңғыға арналған арнайы киіммен түскен суреттеріне оқырман тамсанып жатыр. «Superwoman», «Сондай сәнқой қызсың» деп жазып жатқандар аз емес.
Курорттағы демалыстың ұнап жатқаны сонша, дәмді тамақты да Мадина жиі салады. Тіпті бір суретіне «аяғым қандай болып кеткенін қараңдаршы. Болды, барған соң арықтаймын» деді әзілдеп. Мадлен франциялық брендімен коллаборация жасағанын да сүйіншіледі.
«Біздің коллаборациямызбен мақтанамын. Менің суреттерім Париж бен Куршевельдің қақ ортасында ілулі тұр. Халықаралық деңгей деп осыны айт», – деп жазды ол.
Блогер суреттерде белгілі брендтің тондарын киіп түскен. Дүкеннің іші-сыртында да Мадинахонның суреттері тұр. Демалыстың түбін түсіріп жүрген Мадлен «Еңбек етсең, емерсің» дегенге келтіріп, өзінің көп жұмыс істейтінін әрі соған лайық жақсы демалатынын да атап өтті.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Мадленге бір ер адамның тоқал болуға шақырып, жылына 1 миллион доллар мәһір беремін деп ұсынғанын жазған едік.