Барлық мамандандырылған ХҚКО-да техникалық ақау болды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
ЦОН. Фото: «Правительство для граждан», бильд-редактор: Милош Муратовский
Фото: Азаматтарға арналған үкімет

Қазақстандағы барлық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында (МХҚКО) техникалық ақаулар болды. Енді уақытша мемлекеттік қызметтерді алу қиындап отыр деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы.

«Еліміздің барлық мамандандырылған ХҚКО-лардың жүйесінде уақытша кідірістер орын алғанын хабарлаймыз. Сол себепті МХҚКО желісі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу барысында мәселелер туындауы мүмкін. Жауапты мамандар жүйені қалыпқа келтіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр», – деп жазылған хабарламада.

МХҚКО жүйесі қалыпты режимге көшкеннен кейін қосымша ақпарат беріледі.

Айта кетейік, елдегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының форматы өзгеруі мүмкін. Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің сөзінше, олар Apple Store тәрізді жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ оқыңыз