Қазақстанда блокчейн талдаумен айналысатын арнайы қызмет құрылды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: Ақорда

Орталық Азия елдерінде алғашқы болып Қазақстанда блокчейн талдаумен айналысатын «Криптон» атты арнайы құрылдық бөлімше ашылды. Бұл жайлы Қаржы мониторинг агенттігінің қызметкерлерімен кездесуінде Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Қазақстан 2023 жылдан бері «Эгмонт» тобының қаржылық барлау бірлестігінде Еуразия аймағының мүддесін қорғайды. 20 ірі криптобиржамен сындарлы серіктестік орнатылды. Елімізде блокчейн-талдаумен айналысатын «Криптон» арнайы құрылымдық бөлімшесі ашылды. Бұл – Орталық Азия елдерінде құрылған осындай алғашқы бөлімше», – деді президент.

Ресми дерек бойынша, былтыр қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыратын 200-ге жуық жалған компания әшкереленген. Олар 500 млрд теңгеден асатын қаржыны заңсыз айналымға шығарған. Сексеннен астам қылмыстық топ құрықталды. 100-ден астам қаржы пирамидасы жойылған.

Тоқаев агенттік жұмысы нығайып, кадрлер құрамы ұлғая түскенін де атап өтті. Егер қажет болса, агенттік жүйесіне үш генерал шенін қосуды ұсынды.

» Бұл шешім облыстарда жұмыс істеп жүрген нағыз үздік қызметкерлердің мәртебесін көтеруге мүмкіндік береді. Енді тек білек сыбана жұмыс істеу керек», – деді президент.

Сондай-ақ оқыңыз