Қазақстандық белгілі актер Анатолий Креженчуков өмірден озды

Белгілі театр және кино актері Анатолий Креженчуков дүниеден өтті. Ол 75 жаста болған. Қайғылы хабарды Михаил Лермонтов атындағы орыс драма театры мәлімдеді.
Актер ұзақ уақыт бойы ауыр науқаспен күрескен.
Анатолий Креженчуковтың шығармашылық жолы 1973 жылы Құрманғазы атындағы өнер институтының актерлік факультетін тәмамдағаннан кейін басталған. Сол жылы ол Михаил Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының труппасына қабылданып, Арбузовтың «Ескі Арбаттың ертегілері» пьесасы бойынша қойылған спектакльде Кузьма Балясников рөлін сомдаған.
Анатолий Креженчуков 1996-2000 жылдары түсірілген «Тоғысқан тағдырлар» сериалында доктор Платонов рөлімен көпшілікке танылды.
Қырық жылдан астам уақыт ішінде Анатолий Николаевич театр сахнасында жүзден астам жарқын образды өмірге әкелді. Ол Лопе де Веганың «Қайта түрлену ғажайыптары» спектакліндегі Дон Хуан, Горькийдің «Варварларындағы» доктор Макаров, Островскийдің «Әр данышпанға да қарапайымдық жетеді» пьесасындағы Городулин рөлін сомдаған.
Сондай-ақ Щеголихиннің «Боранды қар» шығармасындағы Курман Ахметов, Дж. Пристлидің «Мистер Кэтл мен миссис Мунға қатысты даулы оқиғаларындағы» Хардейкер, Г. Гориннің «Тиль» қойылымындағы генерал де Люмес, сондай-ақ Чеховтың «Шие бағындағы» Пыщик рөлдерімен көрермен есінде қалды.