
Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің қазасына қатысты мәлімдеме жасады. Ол жерде Қарулы күштердің басшылығы мұндай жағдайға жауапты екені айтылған.
Айта кетейік, 27 қаңтарда Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі әскери қызметші қайтыс болды. Сарбаз қару ұстау кезінде жарақат алғаны айтылды.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, штаб бастығы және қолбасшының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Әскери қызметші қаза тапқан әскери бөлімнің командирі, оның орынбасары, сондай-ақ батальон командирі атқарып отырған лауазымдарынан босатылды», – делінген ақпаратта.
Одан бөлек министрлік мұндай жағдайды болдырмау үшін қабылданған шараларға тоқталған. Олар:
- қару-жарақты пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау талаптары қатаңдатылды;
- әскери бөлімдерге сарбаздардың психологиясын тексеруге комиссиялар жіберілді;
- командирлер мен сержант құрамының жеке жауапкершілігі арттырылды;
- әскери полиция әскери бөлімдерде жан-жақты тексеру ұйымдастырды. Жеке құрам қызметтен тыс уақытта да бақыланатын болды;
- Тәулік бойына бақылау енгізілді;
- әскери қызметшілердің туыстарымен тұрақты видеобайланыс қамтамасыз етілді.