Lifestyle

Қытай телеарнасында Димаштың жаңа халықаралық жобасы таныстырылады

Қазақстанның халық әртісі Димаш Кұдайберген
Фото: dimashnews.com

5 ақпанда Қытайдың жетекші телеарналарының бірі – Hunan TV эфирінде Димаш Құдайбергеннің атқарушы продюсер ретінде қатысуымен жүзеге асқан «Voice Beyond Horizon» атты халықаралық музыкалық жобаның тұсауы кесіледі.

Бұл – жоба Димаш үшін ерекше мәнге ие. Өйткені осыдан тоғыз жыл бұрын дәл осы Hunan TV арнасындағы «Singer» жобасы оның әлемдік аудиторияға танылуына жол ашқан еді. Енді араға жылдар салып, Димаш сол арнада жаңа музыкалық шоуды іске қосып, әлемдік музыка кеңістігінде жаңа есімдердің танылуына мүмкіндік беруді мақсат етіп отыр.

«Voice Beyond Horizon» жобасына әртүрлі мемлекеттерден келген сегіз вокалист қатысады. Жоба барысында олардың өнері ғана емес, көрермендердің шынайы эмоциялары арқылы Қазақстанды Димаштың өз болмысымен, өз сезімімен таныстыру көзделген.

Жобаның негізгі екі мақсаты бар:

  • әлем жұртшылығын Қазақстанның мәдени кеңістігімен таныстыру;
  • болашақта әлемдік деңгейде танылатын жаңа жұлдыздың үлкен сахнаға шығуына мүмкіндік жасау.

Димаш көрермендерді жобаның тұсаукесерін бірге тамашалауға шақырып, қолдау көрсеткен жандарға алғысын білдірді.

Айта кетейік, жобаға «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы, Туризм және спорт, Мәдениет және ақпарат министрліктері, сондай-ақ жоба Астана мен Алматы қалалары, Түркістан, Маңғыстау облыстарында түсірілген.

Ал демеушілер қатарында «Qarmet», «Қазақмыс», «Алтын Алмас» компаниялары мен Нұрлан Смағұлов қоры бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген Шанхайдағы әйгілі фестивальде өнер көрсетті.