
Қырғызстаннан Ресейге бара жатқан рейстік автобус жүк көлігімен соқтығысып, Қызылорда облысындағы трассадан шығып, құлады.
Төтенше жағдай министрлігінің ақпаратынса сүйенсек, жол көлік оқиғасы Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Ақжар ауылынан 10 шақырым қашықтықтағы жерде болған. Апат кезінде ешкім зардап шеккен жоқ, бірақ төтенше жағдайдан кейін жолаушылар автобусы зақымдануына байланысты қозғалысты жалғастыра алмады.
«Оқиға орнына дереу барған құтқарушылар автобуста Қырғызстанның 47 азаматын тапты, олардың арасында 1 бала болды. Барлық жолаушылар эвакуацияланып, жақын жердегі жылыту пунктіне жеткізілді», – делінген хабарламада.
Бұған дейін Маңғыстау облысында болған апат туралы жазған едік. Жолаушылар автобусының аударылып кетуіне байланысты жолда төрт адам қайтыс болды.