
Fashion-блогер Жансая Әміршәріпқызы әлеуметтік желіде актер Еркебұлан Тоқтардың стиліне талдау жасап, образындағы бренд киімдер мен аксессуарлардың бағасын жариялады.
Блогердің мәліметінше, Еркебұлан Тоқтардың образы бірнеше әлемге танымал люкс брендтен құралған. Атап айтқанда, актер киген Burberry футболкасының бағасы – 253 мың теңге, ал Burberry шалбары – 636 мың теңге.
Образды толықтырған аяқ киім мен аксессуарлар да назардан тыс қалмады. Louis Vuitton аяқ киімі – 643 мың теңге, Louis Vuitton сөмкесі – 1 млн 579 мың теңге деп бағаланған. Сонымен қатар актердің көзілдірігі 277 мың теңге, ал қолындағы Rolex сағатының құны – 5 млн теңге екені айтылды.
Осылайша, блогердің есебінше, Еркебұлан Тоқтардың толық образының жалпы құны 8 млн 477 мың теңгені құрайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Kursiv.Media министр әйелдердің образдарына кәсіби талдау жасаған еді.