Тамандуа: Алматы хайуанаттар бағында жаңа жануарлар пайда болды

Жарияланды 28 Қаңтар 2026 10:09

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Тамандуа

Алматы хайуанаттар бағында бұрын-соңды көпшілік көрмеген ерекше жануарлар жұбы тамандуа әкелінді.

Тамандуаны төрт саусақты құмырсқажегіш деп те атайды. Бұл жануарлардың туған жері – Оңтүстік Америка, ал олардың ең жақын туыстары – сүйрік жалқаулар. Ерекше сырт келбеті мен қимыл-қозғалысы тамандуаны бірден назар аударарлық етеді.

Алматы хайуанаттар бағындағы жаңа тұрғындар – Тео мен Лара. Олар 2023 жылдың сәуір айында дүниеге келген. Мамандардың айтуынша, тамандуалар өте бауырмал, ойнақы әрі белсенді жануарлар саналады.

Олардың негізгі қорегі – жәндіктер мен арнайы дайындалған жем. Тамандуаның басты ерекшелігі – ұзын әрі жабысқақ тілі. Сол тілінің көмегімен олар азығын оңай аузына жеткізеді.

Хайуанаттар бағы әкімшілігі жаңа жануарлардың келуі экспозицияны байытып, келушілерге жануарлар әлемін жақынырақ тануға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы хайуанаттар бағында билет бағасы қымбаттағаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз