Тоқаев Higgsfield AI негізін қалаушы Ерзат Дулатпен кездесті

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: Ақорда

Тоқаев Ақордада IT-кәсіпкерлер Ерзат Дулат пен Мұрат Әбдірахмановты қабылдады.

Ерзат Дулат – Higgsfield AI стартапының техникалық директоры, ал Мұрат Әбдірахманов – MA7 Ventures венчурлік платформасының негізін қалаушы.

Президент Higgsfield AI стартапының жетістігін жоғары бағалап, ЖИ саласындағы жаһандық компанияның құрылуы зор табыс екенін айтты. Ерзат Дулаттың сөзінше, стартап командасының 95 пайызы қазақстандықтардан құралған.

Мұрат Әбдірахманов венчурлік индустрия мемлекеттердің технологиялық дамуының тетігі саналатынына тоқталды. Ол Қазақстанның жаһандық венчурлік индустрияның қатысушысы болуға әлеуеті жетеді деп атап өтті.

Осы жылдың басында отандық unicorn Higgsfield AI 200 млн доллар табыс тапты. Қазақстандағы топ-20 стартап рейтингі бойынша, бірінші орында тұр. Компания арнайы ЖИ платформа жасап шығарған, сұрауыңызға қарай видео дайындап береді. 

Сондай-ақ оқыңыз