«Ұят жоқ екен»: Еркеш Хасен мен Жанель Серғазина бірге бой көрсетті

Жарияланды 28 Қаңтар 2026 09:38

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Әнші Еркеш Хасен мен актриса Жанель Серғазина «Интуиция» тележобасында қатар бой көрсетіп, әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Бағдарламадан кейін желіде жұпқа қатысты түрлі пікірлер жазыла бастады.

«Ойбуй, мына екеуінде ұят жоқ екен ғой, Ең болмаса, жеке-жеке жүрмей ме?», «Еркеш өзінің өлеңі жүргенде қоярға жер таппай қалды ма?» «Еркеш пен Жанель бір-біріне сай екендігіне осы шығарылымда көзім жетті…» деген сарындағы жазбалар жиі кездесті.

Айта кетейік, бұған дейін желіде әнші Еркеш Хасеннің ажырасып, актриса Жанель Серғазинамен көңіл қосқаны туралы әңгіме тараған еді.

Сондай-ақ оқыңыз