Жаңарған Конституция жобасы 11 бөлім, 104 баптан тұрады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қолданыстағы негізгі заң преамбула, 9 бөлім, 101 баптан тұрады/фото: shutterstock

Жаңа Конституция жобасы 11 бөлім, 104 баптан тұрады. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмаханов айтты.

Қолданыстағы негізгі заң преамбула, 9 бөлім, 101 баптан тұрады.

«Ұсынылған жобада преамбула, 11 бөлім, 104 бап қамтылған. Екі жаңа бөлім пайда болды: Халық кеңесі және Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

Төрт бөлімнің атауы өзгертілді. «Жалпы бөлім» «Конституциялық құрылыстың негіздері», «Адам және азамат» бөлімі «Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер», «Парламент» бөлімі «Құрылтай», «Соттар және сот төрелегі, прокуратура, адам құқықтары жөніндегі уәкіл» бөлімі «Сот төрелігі. Прокуратура. Құқық қорғау» бөлімі болып тұжырымдалды. 77 бапқа түзетулер дайындалды. Бұл – Конституция мәтінінің 84%-ы», – деді Нұрмаханов.

Осылайша Конституциясының преамбуласының редакциясы толықтай жаңартылады.

Сондай-ақ оқыңыз