Жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге алғашқы жарнасыз ипотека беру ұсынылды

Фото: senate.parlam.kz

Мәжіліс депутаты Ерлан Стамбеков мемлекеттік аппараттың орта және төменгі буын қызметкерлері үшін «Отбасы банк» арқылы алғашқы жарнасыз ипотека енгізуді ұсынды.

«Жоғарғы шенділер миллиондар алады, ал қарапайым мамандар жалақысы 180 мың теңге болып, тіпті негізгі тұрақтылықты қамтамасыз ете алмай отыр», – деді депутат премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған сауалында.

Депутат мәселені шешудің бір жолы – «Отбасы банк» арқылы арнайы бағдарламаны іске қосу қажет деп санайды.

Кадр тапшылығы және төмен жалақы

Ерлан Стамбеков мемлекеттік органдардағы жағдайды ашық түрде «кадрлық аштық» деп атады. Оның айтуынша, барлық жұмыс орындаушылардың иығына түскен, алайда олардың табысы мардымсыз болып отыр.

«Жалақы 180 мың теңгеден басталады. Мұндай жағдайда кім мемлекет пен халыққа адал қызмет ете алады?», – деп сұрады Стамбеков.

Депутат ұсынысы

Мәжіліс депутаты мемлекеттік аппараттың жұмыс сапасын арттыру және қызметкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында үкіметке мына ұсыныстарды қарастыруды ұсынды:

  1. Орта және төменгі буын мемлекеттік қызметкерлерінің жауапкершілігі мен табысы арасындағы алшақтықты жоятын жалақы жүйесін әзірлеу және енгізу;
  2. Оларға медициналық қызмет, білім алу және тұрғын үй алу бойынша әлеуметтік жеңілдіктерді қамтитын әлеуметтік ынталандыру жүйесін енгізу;
  3. «Отбасы банк» арқылы алғашқы жарнасыз, төмен пайыздық мөлшерлемемен және банкке төленетін комиссияны мемлекет субсидиялайтын жеңілдетілген ипотека мүмкіндігін қарастыру.

Депутат атап өткендей, пәтер құнын толық өтеуге қарағанда пайыздық мөлшерлемені субсидиялау экономикалық тиімді, ал шығыстарды уақыт бойынша бөлу бюджет жоспарлауды жеңілдетеді.

Осы шаралар жас мамандарды, әсіресе, шалғай аймақтарда тұрақтандыруға, кадрлық мотивация құралдары ретінде қолдануға мүмкіндік береді.