Жаңалықтар

17 жастағы қызды ұрып-соғып, шашын қырып тастаған – фото

шашын алып тастаған
Қыз бала Өзген аудандық ауруханасына жатқызылды / фото: Kaktus.media

Қырғызстанның Жалал-Абад облысында кәмелетке толмаған қызды ұрып-соғып, шашын қырып тастаған. Бұл туралы облыстық ішкі істер басқармасы хабарлады.

Kaktus.media жазуына қарағанда, облыстық ІІБ-ге 1988 жылы туған М. К. деген азаматша арызданған. Оның айтуынша, 2009 жылы туған қызы Р. М.-ды 8 қаңтардан 9 қаңтарға қараған түні Азат, Жумагүл және Тазагүл есімді үш адам ұрып-соғып, азаптап, шашын жартылай қырып тастаған.

Қыз бала Өзген аудандық ауруханасына жатқызылды. Аталған дерек бойынша «Азаптау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Милиция күдіктілерді ұстады. Олар – Базар-Қорған ауданының тұрғыны, 1988 жылы туған Т. Н. (Тазагул) және Сузак ауданының тұрғыны, 2006 жылы туған Н. А. (Азат). Манас аудандық сотының шешімімен олар қамауға алынды. Сонымен қатар, Т. Н. бұған дейін бұзақылық пен алаяқтық бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Мұның алдында Қырғызстанда әйелімен ажырасқан ер адамды бұрынғы қайын жұрты тонап кеткен еді.