189 млн теңгенің ісі: Алакөл ауданы әкімінің орынбасары сотталды

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Кей адамдар ақша жымқырып, түрмеге отырып, ауқатты болып шығуға дейін баруға дайын
Фото: kursiv.media мұрағаты

Жетісу облысы Алакөл ауданында әкімнің орынбасары 5 жылға сотталды.

Бас прокуратураның мәліметінше, Арқарлы ауылында электр желілерін салу және қайта жаңғырту кезінде аудан әкімінің орынбасары қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, іс жүзінде орындалмаған жұмыстар туралы актілерге қол қойған. Соның салдарынан бюджет есебінен 189 млн теңгеден астам сома заңсыз аударылған.

Прокурорлар оған қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-ші тармағы (ауыр салдарға әкеп соққан қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану,) бойынша айып таққан.

«Алакөл аудандық сотының үкімімен аудан әкімінің орынбасары мүлкін тәркілемей, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды», – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Шенеунік сот үкіміне шағымдана алады.

Сондай-ақ оқыңыз