29 қаңтарға жұлдызжорамал

Жарияланды 29 Қаңтар 2026 08:43

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com

Шолпан мен Меркурий Суқұйғышта «кездесіп», іскерлік хат-хабарлардың өзі кенеттен достық флиртке немесе мем алмасуға айналуы мүмкін. Kursiv LifeStyle Geocult.ru порталының нақты деректері негізінде жасалған астрологиялық болжамды Kursiv ұсынады.

Тоқты

Суқұйғыштағы Марс сізді алға жетелеп тұр, ал Егіздердегі Ай «жүгірмес бұрын кілтіңді, телефоныңды және не үшін бара жатқаныңды тексер» деп ескертеді. Бизнес саласында хаттарға ең жылдам жауап бергендер ұтады. Кеш шуақты әрі көңілді өтпек, жалғыз қалмаңыз.

Торпақ

Егіздердегі Ай Торпақтарды әдеттегіден асығыс қылып жіберуі мүмкін. Бизнес-жорамал құжатқа асығыс қол қоймауға кеңес береді, бір шыны кофе алып, кідіріс жасаған дұрыс. Жеке өмірде бәрі тұрақты, тек қонақ бөлмедегі перденің түсі жайлы дауға кіріп кетпесеңіз болғаны.

Егіздер

Бүгін сіз бейресми түрде «әлемнің бас спикері» атандыңыз: Егіздердегі Ай қарым-қатынасты шарықтау шегіне жеткізеді. Жұмыста презентациялар мен келіссөздерге тамаша күн. Махаббатта қарапайым болыңыз – шынайылық бүгін кез келген стратегиядан ұтады.

Шаян

Шаянда кері қозғалыстағы Юпитер ауқымды жоспарларыңызға күмән тудыруы мүмкін. Уайымдамаңыз. Қарым-қатынаста бүгін бірге үндемей отыру маңызды. кейде тыныштық сөзден қатты естіледі.

Арыстан

Суқұйғыштағы Күн қабілеттеріңізді айқындап, харизмаңызды еселей түседі. Бизнес үшін беделді нығайтуға қолайлы күн. Жеке өмірде тосын бұрылыстар болуы мүмкін, кештің сценарийін басқа біреу жазуы ғажап емес.

Бикеш

Жұлдыздар Бикештерден нұсқаулықты бір сәтке ұмытып, түйсікке сенуді сұрайды. Суқұйғыштағы Меркурий ескі мәселенің тың шешімін ұсынуы мүмкін. Кешке өзіңізді өнімділігіңіз үшін марапаттауды ұмытпаңыз.

Таразы

Шолпан мен Меркурий Суқұйғышта – сіз келіссөздердің нағыз шеберісіз. Жалақы көтеру немесе жеңілдік сұрау керек болса, бүгін таптырмас күн. Жеке өмір жеңіл романтикалық комедияға ұқсайды: күлкі мен әңгіме көп болады.

Сарышаян

Тоқты шегіндегі Нептун ойыңызды тұмандатып, жоқ жерден қарсылас іздетуі мүмкін. Кернеуді спортпен немесе жақсы триллермен тарқатыңыз. Жұмыста өсек-аяңнан аулақ жүріңіз – бүгін олар тым уытты.

Мерген

Лилит сізді күлкілі жағдайлар арқылы сынауды жалғастырады. Ең бастысы – сабыр сақтап, мәнсіз дауға араласпау. Махаббатта тәжірибеден қорықпайтындарға жол ашық.

Тауешкі

Балықтағы Сатурн тәртіп талап етеді, ал Суқұйғыштағы планеталар жаңа гаджетке қаржы жұмсауға итермелеуі мүмкін. «Қажет» пен «қалаймынның» арасынан тепе-теңдік табыңыз. Қарым-қатынаста жылулық арта түседі.

Суқұйғыш

Сіз бүгінгі күннің басты кейіпкерісіз: Суқұйғышта планеталар шоғырланған. Бизнес үшін бұл инновация мен жеңіс күні. Махаббатта тартымдылығыңыз шегіне жетіп, назар көбейеді.

Балықтар

Балықтағы Сатурн тәртіп орнатып жатқанда, Егіздердегі Ай ойды шашыратып жіберуі мүмкін. Барлығына үлгеруге тырыспай, бір негізгі мақсатты таңдаңыз. Сезімге сеніңіз, бірақ фактілерді де тексеріп алған жөн.

Сондай-ақ оқыңыз